Жаналыктар
27. 04. 2017
2017 жылдың 17 сәуірінде Шымкент  университетінде  « АДАЛ БОЛ !»  марафоны бастау алды.
27. 04. 2017

Шымкент университетінде 2017 жылдың 4-6 сәуір күндері аралығында Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігi (БСҚА) тарапынан институционалды аккредитация жұмысы жүргізілді.

17. 03. 2017
 Қазақстан полициясына 25 жыл толуына орай 2017 жылдың 10 наурызы күні Қазақстан Республикасы ІІМ «Б.Момышұлы атындағы оқу орталығында»  «Әкімшілік заңнаманың мемлекеттік басқарудағы рөлі» атты олимпиада болып өтті. Олимпиадаға Оңтүстік Қазақстан облысының жоғары оқу орындары арасынан 15 команда қатысты.
17. 03. 2017
Шымкент университетінде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын университет ұжымына түсіндіру мақсатында үстіміздегі жылдың 14 ақпаны күні іс-шара өткізілді.
10. 12. 2016
Бүгін 09 желтоқсан күні Шымкент университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына...
Шымкент университетi
Mar 17, 2017

Университет ұжымы Жолдауды талқылады


Шымкент университетінде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын университет ұжымына түсіндіру мақсатында үстіміздегі жылдың 14 ақпаны күні іс-шара өткізілді.

Шымкент университетінде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын университет ұжымына түсіндіру мақсатында үстіміздегі жылдың 14 ақпаны күні іс-шара өткізілді.

Университет ректоры Б.М. Шыңғысбаев Елбасының Жолдауында қоғамның барлық салаларын дамытуға ерекше көңіл бөлінгендігі және де жаһандық дағдарыста ел экономикасын нығайту, табысы жоғары мемлекеттердің қатарына қосылу мақсатында атқарылатын іс-шаралар халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталып отырғандығын атап айтты. Жолдауда жазылған адами капитал рөлінің артуы, білім, денсаулық саласына қатысты көптеген реформалар, аграрлық секторды жаңғырту, экологияны қорғауға байланысты мәселелер төңірегінде өз ойымен бөлісті. Сонымен қатар, Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіру, постиндустриалдық қоғамды қалыптастыратын индустриалды инновациялық даму бағдарламасының саясатын ұсынатын тарихи құжаттың мазмұны мен маңызын нақтылап берді.

Содан соң «Қазақстан тарихы, қоғамдық пәндер және география» кафедрасының профессоры Ә.Жанысбеков сөз алып, Жолдауда көтерілген маңызды мәселелер жайлы тарқатып айтып берді. Іс-шара барысында үш тұғырлы тіл саясаты және  білім беру жүйесіндегі рөлі, мектеп түлектерімен жүргізілетін кәсіби бағдар беру жұмысының тиімділігін арттыру, әлеуметтік саланы дамытудың оңтайлы жолдары мәселелері аясында  пікірлер алмасып, ұсыныстар айтылды.

Жиын соңында, Жолдаудың басым бағыттарын факультеттер арасында кеңінен насихаттап, оны іске асыру бойынша шаралар кешенін бекіту туралы шешім қабылданды.