Химия, биология және ауылшаруашылық кафедрасы
Mar 24, 2017

Ақпараттық хат


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ

Ақпараттық хат

2017 жылдың 20-21 сәуірі күндері Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында «Ғылым және тәжірибе» тақырыбында жас ғалымдар мен студенттердің республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.


Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция келесі бағыттарда жұмыс жүргізеді:

- Жаратылыстану ғылымдары;

- Педагогикалық ғылымдар;

- Гуманитарлық ғылымдар; 

- Ақпараттық технологиялар;

- Экономика, есеп және қаржы.

  Жас ғалымдар мен студенттердің республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының мақсаты:

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда білім мазмұнын инновациялық ақпараттармен қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибелерін зерделеу және ұлттық құндылықтарды дамыту жолдарын айқындау.

         Конференция үш тілде: қазақша, орысша және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

         Баяндама мәтіні 5 беттен аспауы, Windows-та терілуі, шрифт Times new Roman, кегль-12, 1-аралық қатармен жазылуы тиіс. Сол жақ жоғары бұрышында ӘОЖ (УДК) индексі қойылып, келесі жолдан мақала тақырыбы бас әріптермен, келесі қатардан автордың аты-жөні, келесі қатардан ғылыми жетекшісінің аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен атағы, мекеменің аталымы, қызметі жазылады. Бір интервалдан кейін жаңа жолдан мақала мәтіні басталады. Әдебиеттер тізімі еңбекте көрсетілу тәртібіне қарай мақаланың соңында жазылады. Сілтеме берілген әдебиеттер мәтінінде пайдалану ретімен тік жақша арқылы көрсетіледі. Түйіндеме қазақша мақалаға орысша-ағылшынша, орысша мақалаға қазақша- ағылшынша, ағылшын тіліндегі мақалаға қазақша-орысша беріледі.

         Конференцияға  берілген баяндамалар ғылыми жинақ ретінде басылып шығарылады. Конференцияға қатысу үшін жас ғалымдар, магистранттар мен студенттер, мектептің ғылыми-шығармашылық жұмыспен айналысатын жоғары сынып оқушылары шақырылады.

         Конференцияға қатысу үшін 2017 жылдың 10 сәуіріне дейін баяндама мәтіні (қағаздағы және электрондық нұсқасымен) тапсырылуы тиіс. Ұйымдастыру жарнасы – 2500 теңге.

 

         Ұйымдастыру алқасының мекен-жайы: Шымкент қаласы. Тассай ауылы, Жібек жолы көшесі, №131.  Шымкент университеті, 2 этаж, 225 кабинет. Нұрлыбаев Нұржан Мәдірайұлы 8-775-676-76-75. E-mail: nnmank@mail.ru

 

Мақаланы дайындау үлгісі:

 

ӘОЖ (УДК)                                                                                                                                                                                        

МАҚАЛАНЫҢ АТЫ

            Автордың аты-жөні

            Ғылыми жетекшісінің аты-жөні мен ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі

 

            Мақаланың мәтіні....

            Әдебиеттерге сілтеме келтірілген деректен кейін тік жақшаға алынып, әдебиеттер тізіміндегі нөмірі бойынша көрсетіледі [1].

                                                                                                  ........мақаланың соңы.

 

Әдебиеттер

Молдабек Қ. Қатысым әдісі: теориясы мен әдістемесі. – Шымкент, 2011.  –22-26 бб.

 

Түйіндеме

Екі тілде берілген аннотация 4-5 қатардан аспауы тиіс.

 

     Мақаланың көлемі 5 беттен аспауы тиіс, шрифт Times new Roman, шрифт мөлшері – 12, 1-аралық қатармен жазылады. Беттердің параметрі(поля) – сол жағынан 2,5 см  қалған жақтарынан 2 см қалдырылады.

 

 

 

        Мақала мәтіні өңделмейді және жинаққа тікелей көшіру арқылы орналастырылады. Конференция талабына сай келмейтін мақалалар жинаққа кірмейді.