Жаналыктар
19. 05. 2017

2017 жылдың 20-21 сәуірі күндері Шымкент университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында «Ғылым және тәжірибе» тақырыбында жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.

27. 04. 2017
2017 жылдың 17 сәуірінде Шымкент  университетінде  « АДАЛ БОЛ !»  марафоны бастау алды.
27. 04. 2017

Шымкент университетінде 2017 жылдың 4-6 сәуір күндері аралығында Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігi (БСҚА) тарапынан институционалды аккредитация жұмысы жүргізілді.

17. 03. 2017
 Қазақстан полициясына 25 жыл толуына орай 2017 жылдың 10 наурызы күні Қазақстан Республикасы ІІМ «Б.Момышұлы атындағы оқу орталығында»  «Әкімшілік заңнаманың мемлекеттік басқарудағы рөлі» атты олимпиада болып өтті. Олимпиадаға Оңтүстік Қазақстан облысының жоғары оқу орындары арасынан 15 команда қатысты.
17. 03. 2017
Шымкент университетінде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын университет ұжымына түсіндіру мақсатында үстіміздегі жылдың 14 ақпаны күні іс-шара өткізілді.
Шымкент университетi
Apr 27, 2017

Шымкент университетінде институционалды аккредитацияның жүргізілуі


Шымкент университетінде 2017 жылдың 4-6 сәуір күндері аралығында Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігi (БСҚА) тарапынан институционалды аккредитация жұмысы жүргізілді.

Аккредитацияны сыртқы бағалау бойынша сараптама тобы жүргізді.

Аккредитация барысында университет басшылығымен, бөлімшелердің басшыларымен, ПОҚ-мен, студенттермен, жұмыс берушілер және университет түлектерімен сұхбаттар жүргізілді. Сарапшылар университеттің материалды-техникалық базасымен, іс-қағаздарымен, іс-тәжірибе базаларымен танысып, оқу сабақтарына қатысты.