Жаналыктар
19. 05. 2017

2017 жылдың 20-21 сәуірі күндері Шымкент университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында «Ғылым және тәжірибе» тақырыбында жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.

27. 04. 2017
2017 жылдың 17 сәуірінде Шымкент  университетінде  « АДАЛ БОЛ !»  марафоны бастау алды.
27. 04. 2017

Шымкент университетінде 2017 жылдың 4-6 сәуір күндері аралығында Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігi (БСҚА) тарапынан институционалды аккредитация жұмысы жүргізілді.

17. 03. 2017
 Қазақстан полициясына 25 жыл толуына орай 2017 жылдың 10 наурызы күні Қазақстан Республикасы ІІМ «Б.Момышұлы атындағы оқу орталығында»  «Әкімшілік заңнаманың мемлекеттік басқарудағы рөлі» атты олимпиада болып өтті. Олимпиадаға Оңтүстік Қазақстан облысының жоғары оқу орындары арасынан 15 команда қатысты.
17. 03. 2017
Шымкент университетінде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын университет ұжымына түсіндіру мақсатында үстіміздегі жылдың 14 ақпаны күні іс-шара өткізілді.
Шымкент университетi
May 19, 2017

Студенттік ғылыми конференция болып өтті


2017 жылдың 20-21 сәуірі күндері Шымкент университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында «Ғылым және тәжірибе» тақырыбында жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.

Конференция «Сочи сән, бизнес және құқық институтының», «И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің» және еліміздегі жоғары оқу орындарының жас ғалымдары мен студенттерінің қатысуымен өтті. Конференция жұмысы 5 секция бойынша жүргізілді.

Пленарлық және секциялық мәжілісте тыңдалған баяндамалардың, ғылыми еңбектердің авторлары дипломдармен марапатталды. Атап айтқанда:

І Дәрежелі Диплом:

1. Нияз Айжан ( Шымкент университеті)

2. Каримжанов Иристай (Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық университеті)

ІІ Дәрежелі Диплом:

1. Мүсіретәлі Сүлеймен (Шымкент университеті)

2. Турсинбоева Мадина   (Шымкент университеті)

3. Тлеухан Құндызай      ( Шымкент университеті)

ІІІ Дәрежелі Диплом:

1. Тас Алима (Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық университеті)

2. Жамалова У.С. ( «Авимед» көпсалалы колледжі)

3. Түйебаев Нұрдаулет Мұсаұлы (Шымкент университеті)

Алғыс хаттар:

1. Самсонова Б. («СИМБиП» г. Сочи, Россия)

2. Разак уулу Дастан (И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті)