«Аймақтың экономикалық мәселелері» ҒЗИ

Ғылыми зерттеу институты туралы

«Аймақтың экономикалық мәселелері» ғылыми зерттеу институты 2012 жылы ашылды. 

«Аймақтың экономикалық мәселелері» орталығының директоры қызметін экономика ғылымдарының кандидаты Г.Абдикеримова атқарып келеді.

Ғылыми зерттеу институтының мақсаты – Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ғылыми-зерттеуді іске асыру.

Ғылыми институттың міндеттері: 

1. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі ретінде ақпараттық-аналитикалық матреиалдарды, брошюрларды, монографияларды, оқу құралдарын, оқулықтарды баспадан шығару;

2. Облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі конференцияларға, мерзімдік басылымдарға ғылыми-зерттеу нәтижелерін жарыққа шығару. Мерзімдік ғылыми басылымдарға, конференцияларға қатысып, мақалалар жазу;

3. Оңтүстік Қазақстан облысыныңәлеуметтік-экономикалық дамуындағы ғылыми-зерттеу бағыттарын дамыту;

4. Қазақстандық, халықаралық, мемлекеттік, мемлекеттік емес, коммерциялық және қоғамдық ұйымдармен ғылыми-зерттеу серіктестігін; 

5. Қазақстанның экономикалық дамуын ақпараттық жүйеде халыққа таратуды жоғарлату;

6. Оқыту семинарларын, тернигтар өткізу.

  «Аймақтың экономикалық мәселелері» ғылыми зерттеу институты мүшелерінің тізімі: э.ғ.д., профессор С.Куашбай, э.ғ.д., профессор А. Умбиталиев, э.ғ.д., профессор А.Джуманов, Т. Бурлибаев, э.ғ.к., А. Садықбекова, э.ғ.к., Д.Куланова, э.ғ.к., Г.Абдикеримова, э.ғ.к., А. Сабдалина, Р.Кембаева, А. Ажибекова, С. Рысбаева, М.Стамкулова, Д. Асилбеков.

    «Аймақтың экономикалық мәселелері» ғылыми-зерттеу институтының ғылыми-зерттеу тақырыптары:

1 Аймақтық жүйелердің дамуының әлеуметтік-экономикалық мәселелері

2 Аймақтық басқару жүйесінің қалыптасуы мен дамуының экономикалық және әлеуметтік аспектілері

3 Агроөнеркәсіптік кешендерін қаржыландыру және дамытуды зерттеу мен өңдеу әдістері