Басшылық

Серғазиева Мадина Расылханқызы

Экономика ғылымдарының кандидаты

Кафедра меңгерушісі

 

Өмірбаяны

Сергазиева Мадина Расылхановна 1979 жылы 19 қарашада Шымкент қаласында дүниеге келген.

2001 жылы М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін Халықаралық экономикалық қатынастар мамандығы бойынша бітірген.

2004 жылы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде магистратураны «Экономика» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген.        

2007 жылы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің аспирантурасында күндізгі бөлім бойынша бітіріп, одан әрі Х.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің жанындағы Диссертациялық кеңесінде 08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған.

2009-2013 жылдар аралығында Шымкент университетінде декан қызметін атқарды.

2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Қаржы және құқықтану" кафедрасының меңгеруші қызметін атқарып келеді.

20-дан астам ғылыми мақала, 1 оқу құралы баспадан шыққан. Тұрмыста,  төрт баланың анасы.