Басшылық - Филология кафедрасы

Нұрымова Қарлығаш  Убайдуллақызы

Филология ғылымдарының кандидаты

Кафедра меңгерушісі

 

Өмірбаян

Нұрымова Қарлығаш  Убайдуллақызы 1972 жылдың 13 ақпанында Шымкент облысы, Сайрам ауданына қарасты  Н.К. Крупская ауылында дүниеге келген.

1979 жылы Жыззақ облысы, Фариш ауданы «Известия» ауылының №63 Ш.Уалиханов атындағы орта мектебіне оқуға барып, аталған мектепті 1989 жылы күміс медальмен бітірген.

1989 жылы Шымкент педагогика институтының филология факультетіне «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы» мамандығына оқуға қабылданған. Осы оқу орнын 1994 жылы бітірген.

1994 жылдың қыркүйек айынан Шымкенттегі экономика және құқық колледжінің сырттай оқыту бөліміне хатшы болып жұмысқа қабылданған. 1995 жылдың жаңа  оқу жылынан бастап «Тілдер» кафедрасына оқытушылық қызметіне қабылданған.

 2002 жылы  М.Әуезов  атындағы  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Қазақ әдебиеті және шетел филологиясы» кафедрасына оқытушы, бір жылдан соң  аға оқытушы қызметінде жұмыс атқарған.

 2003 жылы Ә.Нұршайықовтың  «Махаббат, қызық мол жылдар» романының шығармашылық тарихы тақырыбында кандидаттық диссертацияның тақырыбын бекітіп, 2006 жылдың  6 сәуірі күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлтттық университетінің Диссертациялық кеңесінде  бекітілген тақырып бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған. 2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін Шымкент  университеті «Филология» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып келеді.