Басшылық

Ботабаева Жанна Нуралықызы

Факультет деканы, филология ғылымдарының кандидаты

Botabayeva_janna@mail.ru

Байланыс телефоны 87013954122

 

ӨМІРБАЯН

 

Ботабаева Жанна Нұралықызы 1970 жылы 25 маусымда Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан  облысы, Тулкібас ауданында дүниеге келген.

1977-1987 жылдар аралығында  Шымкент қаласы  №32 орта  мектепті  оқып бітірген. 1988-1993 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы  Халықаралық  Қазақ-Түрік  университеті  Шымкент институтының  «Ұлттық мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығын үздік дипломмен бітірген. Ж.Н.Ботабаева еңбек  жолын  білім  беру  саласында  бастап,  көп  жылдар  бойы Қазақстандағы білім беру жүйесін жетілдіруге, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамыту мәселелеріне  назар аударды.  1993 жылы  Қ.А.Ясауи атындағы  Халықаралық  Қазақ-Түрік  университеті  Шымкент институтының әлем әдебиеті кафедрасында оқытушы  қызметінен  бастаған. 

2006 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық  университетінің Диссертациялық кеңесінде филология ғылымдарының  докторы, профессор К. Сыздықовтың жетекшілігімен «Ш.Айтматов, К.Мухамеджанов және М.Шахановтың  әдеби-публицистикалық байланысы» тақырыбында кадидаттық диссертациясын қорғаған.

Ғылыми-зерттеу бағыты: Әдебиеттердің өзара байланысы. Ж.Н.Ботабаеваның  негізгі  ғылыми-зерттеу  жұмысы қазақ тілі мен әдебиетін дамытуға, филологияның мәселелерін ғылыми және әдістемелік тұрғыдан зерттеуге, әдебиеттердің  өзара  байланысын айқындауға бағытталған.

2006-2007 оқу жылынан бері Шымкент университетінде қызмет атқарып келеді. 2009-2010 оқу жылынан бастап «Гуманитарлы-құқық» факультеттін басқарып келеді. Ж.Н.Ботабаеваның ғылыми жұмысы мен мақалалары отандық, шетелдік ғылыми басылымдарда, сонымен қатар халықаралық және республикалық конференция жинақтарында  жариялануда.  Республикалық  және  шетел  журналдарында, халықаралық,  республикалық, облыстық  ғылыми  және  тәжірибелік конференциялардың жинақтарында  мақалалар  тұрақты  түрде  жарияланып  тұрады,  қазіргі  таңда  40-тан астам  ғылыми  еңбектері  бар. 

Соның ішінде «Орыс тілі мен  әдебиеті» мамандығының  студенттеріне  арналған  «Білім  беру  процесіндегі интерактивті  технологиялар» атты  оқу  құралын қазіргі кезде студенттер оқу процесінде қолдануда. Аталған  еңбек  жоғары  оқу  орындарының  «Орыс тілі мен  әдібиеті» мамандығының  студенттеріне «Әдебиетті  оқытудың интерактивті әдістері», «Орыс тілін оқытудың  инновациялық әдістері» пәндерін оқытуда тиімді оқу құралы болып  табылады.