Басшылық

 

 

Экономика факультетінің деканы

экономика ғылымдарының докторы, профессор

Қуашбай Саттар

 

Өмірбаяны

Қуашбай Саттар 24.05.1955 жылы туылған, ұлты - қазақ, білімі – жоғары.  С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін 1981 жылы «Экономикалық география» мамандығы бойынша тамамдаған. Еңбек жолын  Жезқазған педагогикалық институтында  оқытушы, аға оқытушыдан бастаған. 1985-1989жж. Алматы халықшаруашылығы институтының  Шымкент  филиалында аға оқытушы, 1989-1990жж. «Қазақ экологиялық орталығында»  аға ғылыми  қызметкер, 1990-1991жж. Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында  аға оқытушы, проректор, 1996-1999жж. «Ұлағат» университетінің Шымкент филиалының  директоры, 1999-2007жж. Алматы экономикалық  университетінің Шымкент филиалының директоры, 07.2007 Шымкент университетінің Экономика институтының  директоры,  2009 ж. Шымкент университетінің Вице-президенті қызметтерін атқарған.

Қазіргі кезде «Нұр Отан» партиясы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық филиалының төрағасы, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының V-VI шақырылымдарының депутаты. 

Мемлекеттік наградалары - Оңтүстік Қазақстан облысы Білім департаментінің  грамотасы (1995ж.), Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің грамотасы (1996 ж.),  «ҚР білім беру ісінің үздігі» төс белгісі ( 1997 ж.), Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің грамотасы  (1997 ж., 2005ж.), Оңтүстік Қазақстан облысы Мәслихатының  грамотасы (1997ж., 2013ж.),  «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалі ( 2005 ж.),   «Құрмет» ордені ( 2006ж.),  Төлеби аудандық Маслихат грамотасы ( 2006 ж.), «Төлеби ауданының құрметті азаматы» ( 2007ж.), Қазақстан Республикасы президентінің алғыс хаты (2012ж., 2015ж. ,2016ж.), «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгісі (2012ж.), «Нұр Отан» партиясының медалі (2013ж.), «Д.Қонаевтың 100 жылдығы» медалі (2013ж), «Меценат» төс белгісі (2013ж.), «Алтын жүрек» номинанты (2013ж.), «Семей полигонының жабылғанына 20 жыл» медалі (2013ж.), «Оңтүстік Қазақстан облысына сіңірген еңбегі үшін» медалі (2013ж.), «Батыр шапағаты» медалі (2014ж.), «Маслихатқа 20 жыл» мерекелік медалі (2015ж.), «Үздік оқу орны» төсбелгісі (2016 ж.), «Қазақстан экономикасына қосқан үлесі» төсбелгісі (2016ж.), «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» медаль (2016ж.).