Басшылық - Химия, биология және ауылшаруашылық кафедрасы

Кафедра меңгерушісі

Жумадулаева Алиса Исақызы

ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты

ӨМІРБАЯНЫ

Жумадулаева Алиса 1958 жылы ОҚО дүниеге келген. 1978 жылы мектепті үздік бітірген.  Осы жылы Қазақстандағы беделді университеттердің бірі  С.М. Киров атындағы ҚазМУ химия-биология мамандығы бойынша оқуға түсті.  1983 жылы жоғарыда аталған университетті бітірген соң педагогикалық тәжирибесін Шымкент қаласында орналасқан №5 мектепте мұғалім болып бастады.

1988-2000 жылдары арасында Гидромелиорациялық техникумда оқытушы қызметте жұмысын жалғастырды. 2001 жылдан бастап Шымкент университетінде өзінің оқытушылық қызметін химия және биология кафедрасында жұмыс істеді.

2002-2004 жылдар аралығында «Гуманитарлы» факультеттің деканы қызметін атқарды.

2008 жылы мамандығы бойынша Оңтүстік Батыс мал шаруашылығы институтында кандидаттық диссертациясын қорғады.

2008 жылдан бастап бүгінгі уақытқа дейін  «Химия, биология және ауылшауашылық» кафедрасының меңгерушісі қызметтін атқарып келеді. Университет, факультет және кәсіподақ  тарапынан оқу-әдістемелік , тәрбие және ғылыми жұмыстарын жоғарғы деңгейде жүргізгені үшін бірқатар алғыс хаттармен марапатталған.

Ғылыми-зерттеу материалдары бойынша 30 астам ғылыми еңбектер жақын және шет елдерде жариялады. Соның ішінде Томсон рейтерс бойынша импакт-факторы бар 2 ғылыми мақаласы жақын және шет елдерде жарияланды.

Өзінің педагогикалық іс-тәжірибесін арттыра отырып 20 ғылыми әдістемелік құралдар дайындап басып шығарды.