Басшылық

Сихынбаева Жамила Сарсенбайқызы

Кафедра  меңгерушісі

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.

 

Сихынбаева Жамила Сарсенбаевна  11.09.1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Сарқырама елді мекенінде туылған.

1994 жылы Қазақ химия-технологиялық институтының «Табиғи қорларды қорғау және оларды ұтымды пайдалану» мамандығына қабылданып, 1999 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ін аталған мамандық бойынша тамамдап шықты. 2000 жылы ҚазҚызПИ Шымкент бөлімшесінде (ЖенПи) « Жаратылыстану және математика» кафедрасында оқытушы болып жұмыс атқарды. 2001-2004 жж. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дағы аспирантурада «Экология» мамандығында оқыды. 2004-2006 жж. Шымкент университетінің «Химия және биология» кафедрасында оқытушы қызметін атқарды. 2007 бастап жылдан М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да «Экология» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқара жүріп, «Студенттердің экологиялық білімін арттыруда инновациялық технологияларды пайдаланудың педагогикалық шарттары» атты кандидаттық диссертациясын қорғады. 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында «Арнайы педагогика» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап Шымкент университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқаруда.

2012-2014 жж. «Учет загрязнения окружающей среды аэрозолями в задачах развития энергетических систем» және «Исследования и разработка инновационных технологий для защиты окружающей среды от выбросов в атмосферу  энергетических объектов» атты республикалық қаржыландырылған ғылыми-зерттеу жобаларының жетекшісі, сонымен қатар қаржыландырылған республикалық және халықаралық жобаларда аға ғылыми қызметкер болып зерттеу жұмыстар жүргізді

Марапаттары: отандық ғылымды дамытудағы жетістіктері үшін В.И. Вернадский атындағы медальмен наградталып, «Заслуженный работник науки и образования» атағын алды. Өнертапқыштықты дамытуға үлес қосқаны үшін А. Нобель атындағы медальмен, ЖОО саласындағы новаторлық жұмыстары үшін «Алтын медальмен» марапатталды. Сонымен қатар 2012 жылдан бастап Ресей Жаратылыстану академиясының профессоры, 2013 жылы «ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын алды. 2015 жылы жаратылыстану ғылымдарын дамытуға үлес қосқаны үшін (экология-педагогика) Лейбинц атындағы медальмен марапатталды. 2016 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан педагогика ғылымдары Академиясының корреспондент мүшесі.

Өзінің зерттеу мәселелері бойынша 300-ге жуық ғылыми жұмыстары бар. Оның ішінде 2 монография, 12 оқулық, 14 оқу құралы, 3 патент, 5 авторлық куәлік және 18 мақаласы импакт-факторы жоғары журналдарда (соның ішінде 4 мақаласы Томсон-Рейтер және СКОПУС базаларында) жарық көрген.

Педагогика ғылымдарының кандидаты Ж.С. Сихынбаева халықаралық ғылыми қоғамға кеңінен танымал. Сонымен қатар бірнеше мемлекеттерде өткен Түркия,  Кипр,  Испания, Франция, Оңтүстік Корея, Украина, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстанда үлкен халықаралық конференцияларға  қатысқан

 

«Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері п.ғ.к. Ж.С.Сихынбаева (2013ж.)