Басшылық

Кафедра меңгерушісі

Өтебаева Шолпан Керімбайқызы

Педагогика ғылымдарының кандидаты

 

Өмірбаяны

 

Өтебаева Шолпан Керімбайқызы   17.02.1957 жылы ОҚО, Сайрам ауданы, Калинин ауылында туылған. 1980 жылы Алматы қаласындағы Қыздар мемелекеттік институтын  «Математика» мамандығы бойынша бітіріп шықты.

1980-1990 жылдар аралығында Сайрам ауданында математика пәнінің мұғалімі және оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарды.

1990-1996жылдарда М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтында «Педагогика» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды. 15 ғылыми мақаласы жарыққа шықты.

1996-2003жылдар арасында Сарыағаш ауданында математика пәнінің мұғалімі және бастауыш сынып оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарды.

2003 жылдан қазіргі таңға дейін Шымкент университетінде қызмет атқарып келеді.

2010 жылы 13.00.02 - оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі математика)   Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.

2011 жылы  «Кәсіподақ ұйымының үздігі» медалімен марапатталған. 2012 оқу жылынан бастап Шымкент Университетінің «Математика және Информатика»  кафедрасының меңгерушісі қызметін  атқарып келеді. 2003-2016 жылдар аралығында 30-дан астам ғылыми мақалалары халықаралық, республикалық конференцияларда жарық көрді.