Басшылық

Оқу процесін ұйымдастыру және мониторинг басқармасының бастығы

Филология ғылымдарының кандидаты Құланова Сандуғаш Шәрібекқызы 1999 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Филология» факультетіне қарасты «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша үздік бітірген.

Еңбек жолын аталған университет жанынан құрылған техникалық лицейде (бұл күндері жеке мекеме) мұғалім болып бастайды.

2003-2007 жылдар аралығында «Қайнар» университетінің Оңтүстік Қазақстан аймақаралық филиалында оқытушылық қызметте болды.

2007-2009 жж Шымкент университетінің Филология кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді.

2009 жылдың қарашасында оқу бөліміне әдіскер болып ауысады. 2011 жылы оқу бөлімінің меңгерушісі қызметінде болады.

2010 жылы 10.01.02 – «Қазақ әдебиеті» мамандығы бойынша «М. Байғұт прозасындағы ұлттық идея және кейіпкер әлемі» атты тақырыпта өзінің кандидаттық диссертациясын қорғаған.

2013 жылдың 1 қыркүйегінен Оқу процесін ұйымдастыру және бақылау басқармасының бастығы болып қызмет атқарып келеді.

Осы уақытқа дейін 15-тен астам ғылыми мақалалар мен 2 оқу-әдістемелік еңбектердің авторы.