Басшылық

Мамбетов Бекзат Махмутұлы

Тарих ғылымдары магистрі

Педагогикалық факультетінің деканы

Байланыс: 87758999177

Bekzat_rm_kz@mail.ru

 

Өмірбаяны

 

Мамбетов Бекзат Махмутұлы 1980 жылы 23 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келген.

1987-1998 ж.ж. Сарыағаш ауданы, Қаратөбе елді мекенінде орналасқан №92 Қ.Сәтпаев атындағы орта мектебінде оқып білім алған.

1998-2002 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Тарих факультетін «Әлем тарихы» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2002 жылы Шымкент университетінің Тарих және география кафедрасында оқытушы болып бастаған.

2002-2008 жылдар аралығында Шымкент университетінің Тарих және география кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеген.

2008-2010 жылдары аралығында Құқықтану факультеті деканының орынбасары болып қызмет атқарған.

2010-2012 жылдары Шымкент университеті президентінің сыртқы байланыс жөніндегі көмекшісі қызметін атқарған.

2014 жылы Академиялық-инновациялық университетінде тарих мамандығы бойынша магистрлік диссертация қорғап, тарих ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алған.

2014-2016 Шымкент университеті, Сыртқы байланыс және жұмыспен қамту бөлімі бастығы болып қызмет атқарған.

2016 жылдың 1 маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін Шымкент университеті, Педагогика факультетінің деканы болып қызмет атқарып келеді.

Үйленген. 2 қыз, 2 ұлы бар.

Ғылыми жұмыстармен үздіксіз айналысып, «Тарих» мамандығы бойынша 20-дан астам диплом жұмыстарына жетекшілік жасап, ғылыми басылымдар мен шет елдерде және елімізде ұйымдастырылған халықаралық, республикалық, аймақтық конференцияларда 30-ға тарта мақалалары жарияланып, 1 оқу құралы баспадан шыққан.

Қырғыз Республикасының «К.Акыевке 130 жыл» төсбелгісімен және республикалық, облыстық, университеттік алғысхаттармен марапатталған.