Экономика факультеті

Басшылық

Экономика факультеті білім беру саласында сапа және икемділік принциптеріне қатаң көңіл аударады. Еңбек нарығының сұранысына сәйкес факультет экономика, бухгалтерлік есеп, аудит, қаржы салалары үшін 2 мамандық бакалавр және магистр біліктіліктері бойынша бәсекеге қабілетті жас мамандарды дайындайды:

5В050600-Экономика

5В050800-Есеп және аудит 

6М050600-Экономика

6М050800-Есеп және аудит

5В050600 - «Экономика» (мамандануы: «Өнеркәсіп экономикасы», «Ауыл шаруашылық экономикасы», «Құрылыс экономикасы», «Еңбек экономикасы»). Бітірушіге «Экономика және бизнес бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі. Экономика және бизнес бакалавры экономист, маман және талдаушы қызметін атқара алады.  Экономика және бизнес бакалавры дәрежесін алған тұлғалар басқару жүйесінің орта буынының басшысы ретінде мамандандырылған жұмысты атқару үшін барлық теориялық білімді  және тәжірибелік дағдыларды меңгереді  және болашақта әр түрлі басшылық қызметтерде жұмыс істейді. Осы бағыттағы бакалавр басқару технологиясын өңдеу, енгізу және пайдалану, сондай-ақ талдау және бақылау сфераларында мамандандырылған жұмыс үшін қажетті барлық дағдыларға ие болады.

050508 «Есеп және аудит» (мамандануы: «Нарық инфрақұрылымы салаларындағы есеп және аудит»; «Экономиканың нақты секторындағы есеп және аудит»; «Статистика»)

Осы бағыттың маманы экономика және өндірісті басқару сферасында қызмет атқарады, бухгалтерлік есеп, аудит және экономикалық талдау, стратегиялық және тактикалық басқарудың негіздерін біледі, бизнес-жоспарларды дайындауды, шаруашылық субъектінің қаржылық және бухгалтерлік есептілігін талдауды үйренеді.

 

 

Факультетте Сіздің кәсіптік қызметіңізге қажетті болатын маңызды пәндерді оқытады.  Міндетті курстармен қатар таңдау бойынша курстарды да тыңдауға болады.

 

Экономика факультетінде компьютерлік зертханалар, лингафондық кабинеттер, заманауи мерзімді басылымдар және аудио-бейне материалдар, оқулықтармен жабдықталған кітапхана, интернет-класс, әдебиеттерге мол оқу залы бар.

.

 

 

 

Экономика факультеті жақын және алыс шет елдегі ЖОО халықаралық байланысын, сонымен қатар арнайы курстарды оқыту мақсатында өндіріс орындарынан тәжірибелі мамандармен байланыстарын үнемі кеңейтіп отырады.

 

 

Білім мен ғылым саласындағы халықаралық байланысты кеңейту мақсатында жақын және алыс шет мемлекеттердің жоғары оқу орындарымен: Измир қаласындағы «GEDIZ» университеті (Түркия), «Мәскеу халықаралық бизнес жоғары мектебі (МИРБИС)», «Мәскеу болат және қорытпалар институты (МИСиС)», «Мәскеу қаржы-өнеркәсіп университеті (МФПУ)»,

 

«Ф.М.Достоевский атындағы Омск мемлекеттік университеті (ОМГУ)», «М.Рысқұлбеков атындағы Қырғыз экономикалық университеті (КЭУ)» және т.б. ЖОО-мен байланысын нығайтуда.

Профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар, студенттер еліміздің және ТМД мемлекеттерінің жоғары оқу орындарында өз біліктіліктерін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша арттыруда. Университетімізде Қазақстанның индустриалды және іскерлік сфераларының көш басшыларын, жоғары кәсіби, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындайды.

Біздің факультетіміздің түлектері еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие. Жыл сайын бітірушілердің 80%-дан астамы облысымыздың жетекші ұйымдарында, мемлекеттік мекемелерінде, кіші және орта бизнес кәсіпорындарында және т.с.с жұмыс істейді. Факультетіміздің бітіруші магистрлерінің 90 %-ға жуығы облысымыздағы басқармаларда, атап айтқанда мемлекеттік кірістер департаментінде, экономика және бюджетті жоспарлау, денсаулық сақтау т.б. департаменттерінде жетекші қызметтерді атқарады.