Химия, биология және ауылшаруашылық кафедрасы

Басшылық

Мамандықтар сипаттамасы

Өндірістік іс-тәжірибе базасы

«Химия, биология және ауылшарушылық» кафедрасы еліміздің педагогика және ауылшаруашылығы салаларына қажетті ғылыми және педагогикалық мамандарды дайындайды. Кафедрада ауылшаруашылығы, биология және химия мамандықтары бойынша жүргізілетін базалық және кәсіби пәндер бойынша арнайы кабинеттер мен зертханалар жабдықталған. Студенттердің теориялық білімдерін университетпен келісімшарт арқылы байланысты өндірістік мекемелердің базаларында іс-тәжірибелер арқылы нақтылауға жағдай жасалған. Студенттерге ғылым докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, доценттер және жаратылыстану магистрлері мен аға оқытушылар дәріс береді. Студенттер өздерінің дипломдық жұмыстарын кафедрада ұйымдастырылған «Жас биолог», «Жас химик», «Жас агроном және топырақтанушы» ғылыми үйірмелерде жүргізілетін ғылыми ізденістер арқылы орындайды және олардың нәтижелерін университеттік, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндайды.

Студенттердің өндірістік тәжірибелері және ғылыми жұмыстары Шымкент қаласының және Сайрам ауданының үздік мектептерінде, «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында», Оңтүстік Қазақстан сорт сынау инспектурасында,  «Шымкент мемлекеттік дендросаябағында жүргізіледі.

Ғылыми бағыттар:

        1.Оңтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешенінің басты салаларына қажетті экологиялық қауіпсіз және экономикалық тиімді технологиялар түзу;

         2. Оңтүстік Қазақстан облысының бұзылған экожүйелеріндегі биосаналуандылықтың өзгеру заңдылықтарын зерттеу және мониторинг тәсілдерін түзу:

         3. Өндірістік және тұрмыстық химия өндірісінің технологияларын жаңа нәтижелермен толықтыру.