Мамандықтар сипаттама - Денешынықтыру және спорт кафедрасы

5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы

Университет 5В010800 - “Дене шынықтыру және спорт” мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы негізінде білім беру қызметін жүзеге асырады.

Берілетін дәреже: Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын меңгерген және мемлекеттік емтихан тапсырған бітірушілерге (түлектерге) 5В010800 - “Дене шынықтыру және спорт” мамандығы бойынша “Дене шынықтыру және спорт бакалавры” академиялық дәрежесі беріледі:

Оқу деңгейлері (сатылары): бакалавриат Бағдарламаға қабылдау жөніндегі талаптар: Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын меңгеруге тілек білдіруші тұлғалардың білімінің алдыңғы деңгейі – орта білім.Бакалавриатқа азаматтарды қабылдау тәртібі орта мектептен кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларн жүзеге асыратын білім беру мекемелеріне қабылдаудың Типтік ережелеріне сәйкес анықталады.

Бағдарламалардың білім беру және кәсіби мақсаттары/оқуды одан әрі жалғастыру мүмкіндігі: Отандық және халықаралық еңбек нарығына сай бәсекеге қабілетті педагогикалық мамандарды даярлау. Білім алушыны интелектуалдық тұрғыда дамыту, дене дайындығын жетілдіру, дене шынықтыру және спорт саласы бойынша құзіретті мамандарды тәрбиелеу.