Мамандықтар сипаттамасы - Филология кафедрасы

5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген түлекке қазақ тілі мен әдебиеті бакалавары академиялық  дәркжесі беріледі. Түлектердің біліктілігі және лауазымдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 21.11.2002 ж №273-П бұйрығымен бекітілген «Жетекшілердің, мамандардың және басқада қызметкерлердің біліктілік анықтамасына» сай анықталды. Олар жалпы білім беретін мектептерде, лицей, колледж, гимназияларда қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерде кіші ғылыми қызметкер, аудармашы қызметтерін атқара алады.

 

5В011800- Орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген түлекке орыс тілі мен әдебиеті бакалавр академиялық дәрежесі беріледі. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 21.11.2002ж №273-П бұйрығымен бекітілген «Жетекшілердің, мамандардың, және де басқада қызметкерлердің біліктілік анықтамасына» сай анықталды. Олар жалпы білім беретін мектептерде, лицей, колледж, гимназияларда орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі, жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерде кіші ғылыми қызметкер, аудармашы қызметтерін атқара алады.

 

5В011900-Шет тілі: екі шет тілі мамандығы бойынша бакалавриатты бітірушіге білім бакалавры (шетел тілдері) академиялық дәрежесі беріледі. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің 22.11.2002ж №273-П бұйрығымен бекітілген лауазымды жетекшілер, мамандар мен басқа да қызметкерлердің біліктілік анықтамалығының біліктілік талаптарына сәйкес бакалавр белгңленген тәртіп бойынша мамандығына байланысты негізгі және мамандандырылған шетел тілінен дайындығына сәйес кәсіби қызметтерін атқара алады.

 

5В012100-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген түлекке қазақ тілі мен әдебиеті бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Түлектердің біліктіліктерімен лауазымдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің  21.11.2002ж. №273-П бұйрығымен бекітілген « Жетекшілердің, мамандардың және басқа да қызметкерлердің біліктілік анықтамасына» сай анықталды. Олар жалпы білім беретін мектептерде, лицей, колледж, гимназияларда қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, жоғары оқу орындары мен ғылыми қызметкер, аудармашы қызметтерін атқара алады.