Мамандықтар сипаттамасы - Қазақстан тарихы, қоғамдық пәндер және география кафедрасы

«Қазақстан тарихы, қоғамдық пәндер және география» кафедрасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сай «Тарих», «География», «Әлеуметтану» мамандықтары бойынша бакалавр академиялық дәрежесін даярлап шығарады.

5В011400 - Тарих мамандығы бойынша бітірген түлекке тарих бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Біліктілік және лауазымдар ҚР Білім және ғылым министірлігінің 12.02.2008ж. №61 бұйрығымен бекітілген «Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларына» сәйкес анықталады. Білім бакалаврының кәсіби қызмет саласы білім, мәдениет-ағарту салалары, мемлекеттік басқару, мемлекеттік басқару секторлары болып табылады. Тарих бакалавры оқу-тәрбиелік (педагогикалық), өндірістік-басқару, сарапшы-кеңесшілік, мәдени-ағартушылық кәсіби қызмет түрлерін атқара алады.

Жалпы білім беретін және арнаулы мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер, оқу құралдарын шығаратын баспалар, білім департаменттері, тарих пәні мұғалімдерінің білімін жетілдіру институттары, бастауыш және орта кәсіптік білім беретін мекемелерде, сонымен қатар  оқу тәрбиелік (педагогикалық), өндірістік басқару, сарапшы-кенесшілік, мәдени –ағартушылық кәсіби қызмет түрлерін орындайды.

Білім беру саласында  сыртқы  байланысты  нығайту  үшін Қырғыстан,  Өзбекстан Республикаларының  жоғары  оқу  орындарымен  ынтымақтастық келісім-шарттары  түзілген.

Жоғары  білім бағдарламасы  меңгергендерге «5В011400 – Тарих » мамандығы бойынша білім бакалавры деген академиялық дәрежесі беріледі.

Тарих мамандығында білім алатын студенттер осы мамандыққа қойылатын талаптарды білуі керек:

- гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласының негізгі ілімін;

- табиғат пен қоғам дамуының жалпы және жеке заңдары;

- тарихи оқиғаларды қазіргі заман тұрғысынан талдау;

- мұрағаттық және археологиялық деректерді жүйелеу;

- мәдени-ағарту жұмыстарына кеңес беру;

- жоғары білім бағдарламасын меңгеру;

 

5В011600 - География мамандығы бойынша бітірген түлекке «Білім бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі. Біліктілік және лауазымдар ҚР Білім және ғылым министірлігінің 12.02.2008ж. №61 бұйрығымен бекітілген «Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларына» сәйкес анықталады. «География» мамандығы бойынша білім бакалавры білім беру орындарында (меншік түріне қарамастан жалпы орта білім беретін мектептерде, лицей гимназия, колледжде география пәнінің мұғалімі), басқару органдарында (білім беру бөлімдері, әкімшіліктер, жер ресурстары мен табиғат қорғау және экология ұйымдары), ғылым мекемелерінде (ғылыми-зерттеу және конструкторлық-жобалау ұйымдарында мына бағдарлар бойынша: география, геология, экология, картография, гидрология, сейсмология, топырақ географиясы және т.б.) қызмет атқара алады.   

География мамандығындағы өтілетін теориялық сабақтарды практикада ұштастыру мақсатында, іс- тәжірибелердің барлығы таулы аймақтарда жүргізіледі. 2002 жылдан бастап 5В011600-«География» мамандығы бойынша бакалаврлар дайындайды.

 

5В050100 – Әлеуметтану мамандығы бойынша бітірген түлекке «Әлеуметтану» бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. 5В050100 – Әлеуметтану мамандығын бітірушінің мамандығы мен қызметі Еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігінің 22.01.2002. ж №273 – П бұйрығымен бекітілген «Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметкерлердің қызметтерінің мамандық анықтамасына» сәйкес анықталады. Әлеуметтану мамандығын бітірген түлектер ғылыми-зерттеушілік, кеңес берушілік, білім беру (педагогикалық), ұйымдастыру-басқару, қызметтерін атқара алады.

Әлеуметтану мамандығы бойынша бакалаврдың қызметі социумның өзекті мәселелерін зерттеуге, қоғамның дамуын әлеуметтанушылық тұрғыдан көруге, әлеуметтік жүйелерді ,процестер мен құбылыстарды, әлеуметтану бойынша орта арнаулы оқу орнындарында білім жоспарлары мен оқу бағдарламаларын жүзеге асыру жобаларының негізінде басқару органдарын мемлекеттік басқару, қоғамдық ұйымдар, коммерциялық құрылымдар жүйесінде социумның аталған қызметтерін жүзеге асыруға бағытталады.

-                     зерттеу әлеуметтанулық орталықтарда - әлеуметтанушы қызметіне;

-                     мемлекеттік құрылымдарда социолог-сарапшы қызметіне;

-                     орта оқу орындарында қоғамдық және әлеуметтік пәндердің оқытушысы;

-                     ғылым академиясы бөлімдерінде, ғылыми-зерттеу орталықтарында социолог-зерттеуші;

-                     әлеуметтік қорғау және еңбек департаментінде маман;

-                     әкімшіліктің әлеуметтік бөлімдерінде маман, басшы;

-                     білім мекемелерінде басшы;

-                     ірі фирмалардың социолог-кеңесшісі;

-                     өндірістік, жеке және консалтингтік кампанияларда маркетолог;

-                     қосымша арнаулы білім алуда өндірістік ұйымдардың менеджерлері;

-                     демография және миграция бөлімдерінде демограф;

-                     Үкіметтік емес әлеуметтік-бағытталған ұйымдарда әлеуметтік қызметкер;

-                     еңбек пен әлеуметтік қорғау Министрлігі департаменттерінде, әкімгершілікте әлеуметтік қызметкер;

-                     әлеуметтанулық қызметтің басшысы;

-                     сайлау кампаниялары мен сайлау технологиялары орталықтарындағы қызметке;

-                     Public Relations сферасындаєы іс-әрекетке.