Өндірістік іс-тәжірибе базасы

Педагогикалық іс-тәжірибе. 2015-2016 оқу жылында келісім шарт түзілген мекемелермен бірлесіп студенттердің практикалық білімін арттыру мақсатында іс жасауда. Қаланың колледждері мен мектептерінде біздің студенттер тероялық білімін практика жүзінде қолданады. 1-2 курс студенттері қаланың басқа мектеп- гимназияларында сабақтан тыс уақытта аптасына екі рет үздіксіз педагогикалық іс-тәжірибеден өтуде.

Кафедра болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында келесі білім мекемелерімен оқу, ғылыми, шығармашылық байланыстарды жүзеге асыруда:

  • Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ.);

  • Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы (Алматы қ.);

  • Оңтүстік Қазақстан облыстық әлеуметтік-медициналық оңалту орталығы (Шымкент қ.);

  • Облыстық арнайы мектептер: зағип жандарға арналған «Үміт» арнайы мектебі; саңырау балаларға арналған арнайы мектеп (Шымкент қ.);

  • Жүйке аурулар диспансері (Шымкент қ.);

  • ОҚО Ішкі саясат басқармасы (Шымкент қ.);

  • Колледждер: Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжі; "Мирас" колледжі; "Парасат" колледжі (Шымкент қ.).