Оқу ісі жөніндегі проректор

Оқу ісі жөніндегі проректор

Қозбағарова Бибігүл Сабырбекқызы

педагогика ғылымдарының кандидаты

Қозбағарова Бибігүл Сабырбекқызы 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысы,  Семей қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ.  

1991 жылы Алтай мемлекеттік университетінің, Филология факультетінде «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқып білім алған. 2009 жылы 13.00.01 – «Жалпы педагогика, педагогика тарихы мен білім беру, этнопедагогика» мамандығы бойынша «Кредиттік технологиясы жүйесімен оқыту аспектіндегі пәнаралық байланыс» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.

Ғылыми бағыты ЖОО-ғы оқу процесін қазіргі білім беру жүйесі контексінде  дамыту мәселесіне арналған. Жаңа білім жүйесін дамытуда жоғары оқу орындарында оқу процесін жетілдіру мақсатында жазылған 40-қа жуық ғылыми еңбектері бар.

2011-2016 жылдар аралығында Шымкент университетінің Педагогика факультетінің деканы қызметін атқарды.

2016 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Шымкент университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры болып қызмет атқарып келеді. Тұрмыста. Екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған ана. Республикалық, облыстық деңгейдегі түрлі марапаттаулар мен алғыс хаттардың  иегері.