Ректор

 

Ректор

Шингисбаев Бахитжан Маликович

химия ғылымдарының кандидаты, доцент

 

1963 жылы 22 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Үйленген. Үш ұлы бар.

1980-1985 жылдар аралығында С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде «Химия» мамандығы бойынша білім алған.

1988-1991 жылдары Қазақ ССР ғылым академиясының Д.В.Сокольский атындағы электрохимия және органикалық катализ институтының аспирантурасын күндізгі оқыту нысаны бойынша аяқтаған.

Аспирантураны аяқтаған соң (1991-1997жж.) ҚР ҒА жүйесінде инженер, аға ғылыми қызметкер қызметтерін атқарған.

02.00.15 – «Химиялық кенетика және катализ» шифры бойынша кандидаттық диссертация қорғаған.

1997-2004 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде доцент қызметінде жұмыс жасаған.

2004-2007 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің докторантурасын аяқтаған.

2007-2009 жылдары Халықаралық Гуманитарлы-Техникалық университетінде Педагогика факультетінің деканы қызметін атқарған.

2009-2012 жылдар аралығында Шымкент университетінде декан қызметін, оқу ісі жөніндегі проректор қызметін атқарған.

2013 жылдан бастап Шымкент университетінің ректоры қызметін атқарып келеді.

Алыс-жақын шет елдерде, халықаралық, республикалық конференцияларда және ғылыми басылымдарда жарияланған 70-тен астам ғылыми еңбектердің  авторы.

Республикалық, облыстық дәрежедегі алғыс хаттармен марапатталған. Б.М. Шингисбаевтың жетекшілігімен екі кандидаттық диссертация қорғалған.