ШУ-ға оқуға қабылдаудың ережесі

Шымкент Университетіне   оқуға қабылдаудың ережесі.

 

         1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      2. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі), жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар адамдар қабылданады.

      3. Шымкент Университетіне   түсуші тұлғаларды оқуға қабылдау өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен оқуға ақы төлеуі арқылы жүзеге асырылады.
 

      4. Шымкент Университетіне   түсуші тұлғаларды қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі - ҰБТ) немесе кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша берілген сертификаттағы балдарға сәйкес  олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

      5. Кешенді тестілеу өткен жылдардағы жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білім беру ұйымдарының бітірушілері, халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп бітірушілері, ҰБТ-ға қатыспаған жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері, қазақ және орыс тілдерінде оқытпайтын жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері, сондай-ақ оқу орнын шетелде бітірген тұлғалар үшін өткізіледі.


      5-1 Шекті балды алмаған ҰБТ қатысушылары, нәтижелері жойылған қатысушылар және ҰБТ-ға қатыспаған адамдар үшін, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 28-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын жағдайларды қоспағанда, жоғары оқу орнына ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ қайта өткізіледі.

      5-2. Белгіленген шекті балды алмаған кешенді тестілеудің қатысушылары, нәтижелері жойылған қатысушылар және кешенді тестілеуге қатыспаған адамдар үшін «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 28-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын жағдайларда жоғары оқу орнына ақылы негізде қабылдау үшін кешенді тестілеу қайта өткізіледі.

      5-3. Шымкент Университетіне   осы Үлгілік қағидалардың 5-1 және 5-2-тармақтарында көзделген ҰБТ немесе кешенді тестілеу нәтижелері бойынша осы Үлгілік қағидалардың 37-тармағында белгіленген шекті балды алмаған адамдарды ақылы негізде қабылдауы мүмкін.
      Бұл адамдар үшін жоғары оқу орнында білім алудың бірінші академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін ҰБТ немесе кешенді тестілеу өткізіледі. Осы Үлгілік қағидалардың 37-тармағында белгіленген шекті балды алмаған адамдар осы ҰБТ немесе кешенді тестілеудің қорытындылары бойынша жоғары оқу орнынан шығарылуға тиіс.
      6. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші тұлғаларды ақылы негізде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындары жүзеге асырады.
      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар (колледж) тұлғаларды жоғары оқу орындарына ақылы негізде қысқартылған мерзім бойынша ұқсас мамандықтарға оқуға қабылдау кешенді тестілеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
      Ұқсас мамандықтар тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      Жоғары білімі бар тұлғаларды жоғары оқу орындарына ақылы негізде қысқартылған мерзімге оқуға қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
      7.    Шетел азаматтарын ақылы негізде жоғары оқу орындарына қабылдау жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу түрінде жүзеге асырылады.

     8.   Педагогикалық мамандықтарға, арнаулы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға оқуға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады. Мамандықтар тізбесі және арнаулы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу тәртібі осы Үлгілік қағидалардың 1.1-бөлімінде белгіленеді.

1-1. Мамандықтар тізбесі және арнаулы немесе шығармашылық
емтихандарды өткізу тәртібі

      1-1. Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші талапкерлер өздері таңдаған жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін шығармашылық емтихандар тапсырады.
      Шығармашылық мамандықтарға түсетін талапкерлер үшін тестілеудің мынадай екі пәні бойынша балдар ескеріледі: мемлекеттік немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы.
      Педагогикалық мамандықтарға түсуші талапкерлер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін арнаулы емтихан тапсырады.
      1-2. Педагогикалық мамандықтарға түсу кезіндегі арнаулы емтихан талапкерлердің педагогикалық қызметке бейімділігін айқындауға бағытталған.
      1-3. Шығармашылық емтихандар талапкерлердің бойында шығармашылық қабілеттердің және шығармашылық бағыттағы кәсіптерді меңгеруге тұлғалық алғышарттардың болуын анықтауға бағытталған.
      1- 4. Арнаулы немесе шығармашылық емтихан өткізілетін мамандықтар тізбесі осы Үлгілік қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
      1- 5. Педагогикалық мамандықтарға түсуші талапкерлер бір арнаулы емтихан тапсырады.
      1- 6. Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші талапкерлер екі шығармашылық емтихан тапсырады.
      1- 7. Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін талапкерлерден өтініштер қабылдау және арнаулы емтихан өткізу жоғары оқу орындарында 20 маусым мен 18 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
      1- 8. Талапкерлерден шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштер қабылдау өздері таңдаған жоғары оқу орындары орналасқан мекенжай бойынша 20 маусым мен 1 шілде аралығында жүзеге асырылады.
      Шығармашылық емтихан 2-7 шілде аралығында өткізіледі.
      1- 9. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны осы Үлгілік қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
      1- 10. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін емтиханды өткізу кезеңіне комиссиялар құрылады. Комиссия жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен құрылады, төрағасын қосқанда тақ саннан тұрады. Комиссия шешімі оның құрамының кемінде үштен екісі отырысқа қатысса заңды деп саналады. Комиссия шешімі емтиханға қатысушылар санының көпшілік даусымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
      1- 11. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханның кестесін (емтиханды өткізу нысаны, күні, уақыты және өткізілетін орны, консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және құжаттарды қабылдау басталғаннан кешіктірілмей талапкерлердің назарына жеткізіледі.
      1- 12. Талапкер арнаулы және/немесе шығармашылық емтихан өткізу аудиториясына жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде жіберіледі.
      1- 13. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтихан басталғанға дейін талапкерлерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақтарды ресімдеу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялаудың және апелляцияға өтініштер қабылдаудың уақыты мен орны көрсетіледі.
      1- 14. Шығармашылық емтихандар 25 балдық жүйе бойынша, арнаулы емтихан – «өтті»/«өтпеді» деп бағаланады.
      1- 15. Шығармашылық емтихан бойынша 10-нан төмен балл алған немесе емтиханға келмеген адамдар осы мамандыққа түсу үшін кешенді тестілеуге жіберілмейді.
     

     1- 16. Шығармашылық емтиханды өткізу қорытындылары бағалау ведомостарымен, арнаулы емтихан – жіберу ведомосымен, комиссияның еркін нысандағы хаттамасымен ресімделеді және жауапты хатшыға (оның орынбасарына) нәтижелерді жариялау үшін беріледі. Комиссия хаттамасына төраға және комиссияның барлық қатысқан мүшелері қол қояды.
    

     1- 17. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткен күні жарияланады.
      

     1- 18. Талаптарды сақтауды және арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандарды бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешуді, емтихан өткізу кезеңінде арнаулы немесе шығармашылық емтиханды тапсырушы адамдардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында әрбір жоғары оқу орнында апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссия жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен құрылады. Комиссия құрамы, оның төрағасын қосқанда тақ саннан тұрады.
     

     1- 19. Апелляцияға өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына арнаулы немесе шығармашылық емтиханды тапсырушы адам өзі тапсырады. Өтініш арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13-ке дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарайды.
     

    1- 20. Апелляциялық комиссия шешімі оның құрамының кемінде үштен екісі отырысқа қатысса заңды деп саналады. Арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім қатысушы комиссия мүшелері санының көпшілік даусымен қабылданады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және қатысушы комиссия мүшелерінің барлығының қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.

2. Кешенді тестілеу өткізу

 

    1. Кешенді тестілеуге қатысу үшін түсуші Шымкент Университетінің  қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш, жалпы орта (орта жалпы) оқу орнын бітіргені туралы аттестат немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу орнын бітіргені туралы диплом (түпнұсқа), тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек, 3x4 көлеміндегі екі фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.

  

    1-1.  ҰБТ-ға немесе кешенді тестілеуге қатысу үшін талапкер  Шымкент Университетінің    қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті, жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білімі туралы құжатын (төлнұсқа), тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртекті, 3x4 көлеміндегі екі фотосуретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, сондай-ақ ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатын (бар болса) тапсырады.

   1-2.  ҰБТ-ға немесе кешенді тестілеуге қатысу үшін тиісті адамдар Шымкент Университетінің    қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті, тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртекті тапсырады.

   

    1-3. Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 9 шілде аралығында, осы Үлгілік қағидалардың 5-1 және 5-2-тармақтарында көзделген ҰБТ-ға немесе кешенді тестілеуге – 1-8 тамыз аралығында, осы Үлгілік қағидалардың 5-3-тармағында көзделген ҰБТ-ға немесе кешенді тестілеуге – 5-12 қаңтар аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді.


          Шымкент  Университетіне  қабылдау

      1. Студенттер қатарына қабылдауды  Шымкент Университеті    қабылдау комиссиялары 10-28 тамыз аралығында өткізеді.
      Талапкерлер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) немесе жоғары (жоғары кәсіптік) білімі туралы құжатын (төлнұсқа), 3х4 көлеміндегі 6 фотосуретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатын.

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар мынадай құжаттардың бірін:
      1) еңбек кітапшасын;
      2) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған (бар болса) қызметтік тізімді (жұмысшының жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
      3) жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманы қоса береді.
     

      2.Осы Үлгілік қағидалардың 5-3-тармағына сәйкес қабылдау үшін адамдар Шымкент Университетінің    қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білімі туралы құжатын (төлнұсқа), 3х4 көлеміндегі 6 фотосуретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатын қоса береді.

Мамандықтар атауы

 
 

1

5В010200-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

 

2

5В010300-Педагогика және психология

 

3

5В010600-Музыкалық білім

 

4

5В010700-Бейнелеу өнері және сызу

 

5

5В010800-Дене шынықтыру және спорт

 

6

5В010900-Математика

 

7

5В011100-Информатика

 

8

5В011200-Химия

 

9

5В011300-Биология

 

10

5В011400-Тарих

 

11

5В012100-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қаз.тіл.мен әдебиеті

 

12

5В011600-География

 

13

5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті

 

14

5В011800-Орыс тілі мен әдебиеті

 

15

5В011900-Шет тілі,екі шет тілі (ағылшын және қытай, ағылшын және өзбек )

 

16

5В012000-Кәсіптік оқыту

 

17

5В030100-Құқықтану

 

18

5В050600-Экономика

 

19

5В050800-Есеп және аудит

 

20

5В050900-Қаржы

 

21

5В050100-Әлеуметтану

 

22

5В070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

 

23

 

5В060700-Биология

 

24

5В080100-Агрономия

 

 

Магистратура мамандықтары

           

Мамандықтар атауы

 
 

1

6М010300-Педагогика және психология

 

2

6М010900-Математика

 

3

6М011100-Информатика

 

4

6М011700-Қазақ тілі мен әдебиеті

 

5

6М050600-Экономика

 

6

6М050800-Есеп және аудит

 

 

Кабылдау комиссиясының мекен-жайы:                                 

 Шымкент  қаласы ,Жібек жолы  № 131, тел.: 8(7252) 55-58-61

Маршруттар: №65, №44,  Ақсу-Шымкент,

Аялдама: Шымкент Университетінің   оқу ғимараты.