Тәрбие ісі жөніндегі проректор

Тәрбие ісі жөніндегі проректор

Құлтаев Берік Бегімқұлұлы

Тел: 8705 345 58 87

Kultaevberik004@mail.ru


Өмірбаяны

Құлтаев Берік Бегімқұлұлы  1980 жылы 18- қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы  Ақбұлақ ауылында дүниеге келген.

1986-1997 жылдар аралығында  Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ елді мекенінде орналасқан № 18 Ә. Құрмантаев атындағы орта мектебінде білім алған.

1998-2002 жылдар аралығында  М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті «Педагогика және Өнер» факультетін  «Тарих» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын   2004-2005 оқу жылында Шымкент университетінің «Тарих-география » кафедрасында оқытушы-стажер болып бастаған.

2005-2017 жылдар аралығында  «Қазақстан тарихы, қоғамдық пәндер және география»  кафедрасында оқытушы қызметін атқарды.

2017 жылдың 1-ақпанынан бастап  Шымкент университетінің  Тәрбие ісі жөніндегі  проректоры қызметін атқарып келеді.

Ғылыми жұмыстармен үздіксіз айналысып,  ғылыми басылымдар мен  елімізде ұйымдастырылған халықаралық, республикалық, аймақтық конференцияларда 20-ға тарта мақалалары жарияланған.