Ғылым бөлімі

Ғылым бөлімінің қызметі университеттің ғылыми-ұйымдастырушылық, ғылыми-өндірістік және халықаралық байланыс қызметі туралы мәселелерді шешуге бағытталған.

Ғылым бөлімінің негізгі мақсаты – профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен үйлестіру.

Ғылым бөлімнің негізгі міндеттері:

  • Университеттің құрылымдық бөлімшелерімен орындалатын ғылыми-зерттеу жұмыстарының тематикалық жоспарын бақылау, іргелі және қолданбалы зерттеулердің жылдық, болашақтағы және жалпы жоспары бойынша мәліметтер дайындау;
  • Жоспарға сәйкес міндеттердің орындалуын бақылау, нормативті талаптарға сәйкес келісімшарт міндеттерін, келісілген құжаттардың толық және сапалы орындалғанын бақылау;
  • Ғылыми зерттеулерді ақпараттық және нормативті қамтамасыз ету, математика, жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылым салалары бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулердің қаржылардыру көздерін ізденуді қамтамасыз ету;
  • ҚР Үкіметімен, ҚР Ұлттық академиясымен, еліміздің компанияларымен және өнеркәсіптерімен, халықаралық және республикалық қорлармен тапсырылған маңызды ғылыми бағдарламаларды орындауда университеттің ғалымдары мен мамандарын қатыстыруды қамтамасыз ету;
  • Университеттің ғылыми-техникалық қызметтері бойынша ақпараттар, рефераттар, мінездемелер және баяндамалар дайындау;
  • Университеттің инновациялық қызметін басқару;
  • Университеттің ғылыми және инновациялық қызметтері бойынша жыл сайынғы статистикалық есептерді дайындау;
  • Университеттің ғылыми-өндірістік және ендіру бөлімшелерін, уақытша творчествалық ұжымдарды құру туралы ұсыныстарды дайындау мен басқару;
  • Университеттің материалды-техникалық базасын модернизациялау мен жаңарту бойынша ұсыныстарды дайындау;
  • Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары мониторингін;
  • Студенттердің ғылыми шараларын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
  • Халықаралық, республикалық және университеттік ғылыми конференциялар, семинарлар, симпозиумдар ұйымдастыру;
  • Ғалымдардың өндірістермен және компаниялармен, потенциалды инвесторлар есебінде әртүрлі қорлармен байланыс орнатуды қамтамасыз ету.