Ғылым және халықаралық байланыс проректоры

Ғылым және халықаралық байланыс проректоры

Нұрлыбаев Нұржан Мәдірайұлы

филология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.

 

Нұрлыбаев Нұржан Мәдірайұлы 1983 жылы 27 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданында дүниеге келген.

1989-2000 ж.ж. Бәйдібек ауданы, Ақбастау елді мекенінде орналасқан Ш.Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде оқып білім алған.

2000-2004 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Филология факультетін «Қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі» мамандығы бойынша аяқтаған.

2005-2007 ж.ж. Шымкент университетінде «Экономика»  мамандығы бойынша оқып, «Экономист» біліктілігін алған.

Еңбек жолын 2004 жылы Шымкент университетінің Филология кафедрасында оқытушы-стажер болып бастаған.

2004-2010 жылдар аралығында Шымкент университетінің Филология кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарған.

2010 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында кандидаттық диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болған.

2010-2012 жылдар аралығында Шымкент университеті, Филология кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған.

2012-2013 оқу жылында Шымкент университетінің Ғылыми істер жөніндегі проректоры, 2013-2014 оқу жылында Ғылыми және тәрбие істері жөніндегі проректоры қызметін атқарды.

2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Шымкент университетінің Ғылым және халықаралық байланыс проректоры болып қызмет атқарып келеді.

Ғылыми жұмыстармен үздіксіз айналысып, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 4 білім магистрлерін дайындап, ғылыми басылымдар мен шет елдерде және елімізде ұйымдастырылған халықаралық, республикалық, аймақтық конференцияларда 50-ға тарта мақалалары жарияланып, 1 монографиясы баспадан шыққан.

Қырғыз Республикасының «К.Акыевке 130 жыл» төсбелгісімен және республикалық, облыстық, университеттік алғысхаттармен марапатталған.