«Жаратылыстану ғылымдарының іргелі және қолданбалы мәселелері» ҒЗИ

Басшылық

Институт туралы

«Жаратылыстану ғылымдарының іргелі және қолданбалы мәселелері»  ғылыми зерттеу институты 2012 жылдың бірінші ақпанында «Биология» мамандығының студенттері мен университеттің жас мамандарының ғылыми ізденіс жұмыстарын қамтамасыз ету және ғылыми зерттеу, білім беру үрдістерін өз-ара ұштастыру мақсатында университет ректорының № 16 01.02.2012 жылғы бұйрығымен ашылған. Институт директоры болып биология ғылымдарының докторы Ешибаев Арыстанбек Әшірбайұлы бекітілген. Ғылыми зерттеу институтындағы зерттеу жұмыстары биология, микробиология, биоэкология, биотехнология, ауылшаруашылығы салалары бойынша Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығында ресми тіркелген ғылыми тақырыптар бойынша жүргізіледі.

Институт қызметкерлері құрамында 4 ғылым докторлары, 12 ғылым кандидаттары бар. Зерттеу бағыттары:

1 Оңтүстік Қазақстан облысы дендрофлорасының экологиялық мәселелерін шешуге қажетті биологиялық препараттар алу;

2 Скорзонера таусағыз өсімдігін жазықтық егістігінде өсіру технологиясын түзу;

3 Дәрілік өсімдіктердің потенциалын пайдалану арқылы гемостатикалық биоперпараттар өндіру технологиясын түзу.

Институттың ғылыми ынтымақтастық байланыстары. Институт Өзбекстан (Биохимиялых ғылыми-зерттеу институты), Ресей (Санкт-Петербург мемлекеттік аграрлық университеті) және Германия (Аахенск университетінің микробиологиялық зерттеу институты) елдерінде белгілі зерттеу институттарымен ғылыми ынтымақтастық байланыста. Аталған ғылыми тақырыптар бойынша зерттеу нәтижелерінің өндіріске ендірілгені туралы актілер арқылы нақтыланған, ал зерттеулерден алынған ғылыми жаңалықтарына Қазақстан Республикасының 10 инновацялық патенттері алынған. Аталған уақыт аралығында биология мамандығының 150-ден астам студенттері бакалавр академиялық дәрежесіне, 2 студенті магистр дәрежесіне және 2 PhD докторы дәрежесіне сай дипломдарын, зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша қорғап шықты.