Жас ғалымдар кеңесі

Жас ғалымдар кеңесі

 

Қазақстан ғылымының көкейкесті мәселелерінің бірі - ғылыми-зерттеу және инновациялық жұмыстарға жас ғалым мамандардың қатысуы болып табылады. Осы мақсатта университетте Жас ғалымдар кеңесі құрылды. 

Жасы 35-ке дейінгі университет оқытушылары, аспиранттары, ғылыми қызметкерлері, магистранттары, ізденушілері жас ғалымдар болып саналады.

Кеңес қызметі жас ғалымдардың бастамасын, шығармашылығын және жаңалығын дамытуға көмектесуге бағытталған.

Кеңес өз жұмысын еріктілік және жариялылық ұстанымымен жүзеге асырады.

Жас ғалымдар кеңесінің негізгі мақсаты:

1. талантты жастарды қолдау, ғылыми-техникалық шығармашылықта және келешегі зор зерттемелерін енгізуге көмек көрсету;

2. Университеттің жас ғалымдарын біріктіру, олардың қызығушылықтарын көрсету, ғылыми-зерттеу салаларындағы қызметтерін қолдау;

3. Жас ғалымдар бірлестігі арасында шығармашылық байланыстар орнату және дамыту;

4. Материалдар жарияланымымен ғылыми семинарлар, конференциялар, симпозиумдар өткізу негізінде тәжірибе және ақпарат алмасу;

5. Жас ғалымдардың ғылыми-техникалық жетістіктері мен алдыңғы қатарлы тәжірибелерін насихаттау және тарату.

6. ҚР Үкіметінің «ҚР индустриалды-инновациялық даму стратегиясы» қаулысын жүзеге асыру шеңберінде және университет жас ғалымдарының ҒЗЖ тиімділігін арттыру үшін құрылымдардың тиісті жолдамасымен университеттің бюджеттік емес қаражатынан  ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру зерттемелерін орындау бойынша грант берілетін конкурстарға қатысуды ұйымдастыру.