Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі

 

Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру орталығының бастығы

Медетбекова Рыскүл Әшімәліқызы

физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент

Өмірбаяны

Медетбекова Рыскүл Әшімәліқызы 03.12.1954ж. Жамбыл обласы, Луговой стансасында дүниеге келген. 1961 жылы Луговой стансасындағы №313 қазақ орта мектебіне барып, оны 1971 жылы үздік бітіріп шығады. 1973 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің механико-математикалық факультетіне түсіп, оны 1978 жылы математика оқытушысы деген мамандықпен ойдағыдай аяқтайды.

1978-1994 жылдар аралығында мемлекеттік жолдама бойынша Жезқазған педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарады.

1980 жылы Қазақ Ұлттық Академиясының Математика және механика институтына аспирантураға түсіп, академик О.Жәутіковтың жетекшілігімен 1984 жылы математикадан кандидаттық диссертация қорғайды. 1984 жылы МАК-тың бекітуімен физика-математика ғылымдарының кандидаты атағын алады. 1989 жылы МАК-тың бекітуімен доцент атағын алады.

1994 жылы Жезқазған педагогикалық институтынан  Қазақ химия технологиялық институтына қызмет ауыстырады.

Аталған институт кейін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті болып қайта құрылады. Аталған университетте кафедра меңгерушісі, декан, магистртура бөлімінің бастығы қызметтерін атқарады.

2013 жылдан басьап Шымкент университетінің жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру орталығының бастығы қызметін атқаруда. Білім беру саласында сіңірген еңбектері үшін Қазақстан Білім және Ғылым министрінің, облыстық білім беру басқармасының мақтау қағаздарымен, облыстық Д.Қонаев атындағы қоғамдық қордың медалімен марапатталған.